Өтірік статистиканы доғарыңыздар! Жастар жұмыссыз жүр - депутат Аралбайұлы
Жаңалықтар
120
ЖИ
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстанда 1 миллионға жуық жас жұмыссыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Депутаттың сөзінше, уәкілетті органдар өтірік статистика жасаумен айналысып жүр.

"Уәкілетті органдар "міне біз жұмыс істедік" дегендей көрсетеді. Бірақ жастар практикасы бойынша беретін жалақы 30 АЕК. 110 мыңнан сәл асатын қаражат. Ешкім ондай жалақыға жұмыс істегісі келмейді. Себебі бұған өзіңді асырау мүмкін емес. Сондықтан нақты ұсыныс: 30 АЕКтен 40 АЕКке көтеру керек. Бұл көп мәселені шешеді", дейді депутат.
Сонымен қатар, ауылдық жерлерге баратын жастарға 45 АЕК беру керек.

"Мысалы дәрігерді тарту үшін 9 млн береміз деп жатырмыз. Жастарды да жұмыспен қамту үшін жастар тәжірибесі арқылы ауылға ең болмағанда 45 АЕК берсек, ол да азғантай проблеманы шешеді деп ойлаймыз. Одан бөлек, Алматы облысында кәсіп бастауға беретін арнайы кредиттер бар. Алматы облысында 2,5 пайыздық несиеге қажет қаржы бөлінбей қалған. Бағдарлама бар, ақша жоқ, дейді депутат.
Жастардың кәсіп бастауына берілетін кредиттер бюжет тапшылығынан тоқтап қалған. Қайта жалғастыру керек.
“Жастар практикасы” бойынша 1 жыл жұмыс істеген жастар кейін бұл бағдарламаға қатыса алмайды. “Зейнетақы қорында ақша бар” деп. Депутат осы шешімді қайта қарау керегін жеткізді.
Сонымен қатар, кафе, ресторанда қосымша жұмыс істеген жастар мен “Жасыл елде” қызмет еткен жастар “Жастар практикасына” қатыса алмайды. “Зейнетақы жарнасы төленген” деп. Мұны қайта қарау керек!
ҚР ІІМ “Қазақстандағы қылмыстың әрбір үшіншісін жұмыссыз жастар жасайтынын” мәлімдеген. Депутат бұл үлкен проблема екенін айтты.

"Жастар ресурстық орталығына әкімдіктің әңгіртаяқ ойнатуын тоқтату керек! Өзім төрағалық ететін Республикалық Жастарды қолдау кеңесінде @jastar.kenesi “Жастар арасындағы жұмыссыздық” мәселесін қаузадық. Ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға жолданды", дейді Нартай Аралбайұлы.
Пікірлер (0)