Израильдің Бейрутқа жасаған әуе соққысы кезінде "Хезболланың" әскери көшбасшысы қаза тапты
Фото: AP Photo/Bilal Hussein
Ливанның “Хезболла” қозғалысы Израильдің Бейруттың оңтүстік шетіне жасаған әуе соққыларыларынан жоғары лауазымды қолбасшы Хайсам Табтабаи қаза тапқанын растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Риа Новости-ға сілтеме жасап.
Әскери басшының қазасы туралы қозғалыстың мәлімдемесінде айтылды.
“Мақтанышпен және абыроймен “Хезболла” қарсылық тарапқа және біздің ливан халқымызға жоғары лауазымды, өз өмірін құрбан етуге дайын командир Хайсам Али Табтабаиның (Сейид Абу Али) қаза тапқанын хабарлайды. Ол Ливан мен оның халқы үшін Бейруттың оңтүстік шетінде орналасқан Харат Хрейк ауданындағы қастандықпен жасалған Израиль соққысынан қаза тапты”, – делінген.
Хайсам Али Табтабаи “Хезболла” штабының уақытша бастығы қызметін атқарған және ұйымдағы екінші ең маңызды тұлға болып саналған.
Пікірлер (0)