Кәсіпкер жер қазамын деп 22 миллион теңге айыппұл арқалады

Жаңалықтар
view 835
news

ҚР АШМ

Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алып тастағаны үшін ЖШС 22 миллион теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Кәсіпорынға 22 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

ҚР Жер кодексінің 140-бабына сәйкес, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруге және оны шаруашылық айналымға уақытылы тартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Аумақтық бөлімше «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде бұзылған жерлер мен оның құнарлылығын қалпына келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау туралы ұйғарым жазып, ұсынымдар енгізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *