«Kaspi-нөміріне көп ақша түскендерге айыппұл салынады»: Дүйсенова не дейді

Жаңалықтар
view 205
news

Ulysmedia коллажы

Kaspi банкте тіркелген ұялы телефон нөміріне көп ақша түсетін азаматтарға айыппұл салу мәселесі қазір көп талқыланып жатыр. Әзірге бұл ұсыныс. Үкіметтің әлеуметтік саласының тізгінін ұстаған вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл жайлы ойлайды? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты Дүйсенованың өзіне қойды,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

ДҮЙСЕНОВА НЕ ДЕЙДІ

– Ол әлі бекітілген жоқ. Біздің саламыздағы азаматтар да бұл мәселені қарастырып жатыр. Сондықтан, өз мамандарымызбен қосымша жауабын береміз. Мемлекеттік органдардың да пікірін қазір қарап отырмыз. 

Мәселе жөнінде қаржы министрлігіне өз пікірімізді айтамыз. Жұмыс тобында бір емес, он шақты адам болғаннан кейін бәрінің пікірі консенсуалды шыққан соң ғана айтқан дұрыс шығар. Әлі бірыңғай пікірге келген жоқпыз, – деді Тамара Дүйсенова.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Кірістер комитеті бұған дейін жаңа ереже күшіне енгеннен кейін, жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тек жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келсе ғана тексерілетінін, егер бұл ереже бұзылса, айыппұл салынуы мүмкін екенін ескерткен еді. Заң бойынша кәсіпкерлік қызметпен тіркелмей айналысатын жеке тұлғаларға айыппұл қарастырылған:

- Бірінші рет бұзғаны үшін – 15 АЕК (2024 жылы 55 380 теңге);

- Қайталанған жағдайда – 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге).

Әзірге мемлекеттік кірістер комитетінің бұл ұсынысын Ұлттық банк зерттеп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *