ҚАЗАҚСТАН ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ҚАНША РЕТ ЕНДІ?
Редакция таңдауы
191
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген рекорд орнатып, Гиннестің кітабына бірнеше рет енген, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап.
Гиннестің рекордтар кітабы 1955 жылы жарық көрген. Кітапқа Ирландиялық сыра қайнатушы «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырыс берген. Сол кезден бастап оған түрлі рекордтар тіркеліп отырады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Гиннес кітабына енгізілген 106 рекорд орнатты. Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген соңғы рекорд - «Шымбұлақ» курорты болды. Ол «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің әлемдік рекорд кітабына кірді.
Қазақстан алғаш рет рекордтар кітабына «теңізге шығар жолы жоқ құрлықтағы ең үлкен мемлекет» ретінде кірген болатын.
Сондай-ақ Қазақстанда жаппай спорттық іс-шара бойынша рекорд орнатылды. Оған бүкіл ел бойынша 4,8 миллион адам қатысқан.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)