Қазақстанда электр энергиясы неге қымбаттай береді?
Редакция таңдауы
107
1 қыркүйектен бастап жылу және электр энергиясы қымбаттайды. Бұның себебін «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұрат Қапанұлы анықтап көрді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Газет бетінде жарық көрген «Жаңа тариф: тұтынушы тұралап қалмасын» мақаласында автор «Павлодарэнерго» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Вадим Лесинмен жүздесіп, жылу мен электр энергиясының қымбаттауына қатысты сұрақ қойды.
Вадим Лесиннің айтуынша, бұл қадам білікті қызметкерлердің жұмыстан жаппай кетуінің алдын алып, еңбек ұйымындағы өндірістік және экономикалық нәтижелерді ұлғайтуға, тұтастай алғанда, акционерлік қоғамның материалдық тартымдылығын арттыруға сеп болмақ. Оның пайымынша, кәсіпорын ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған аумақта орналасқандықтан, еңбекақыға міндетті түрде индексация жасалуы керек.
«Қолданыстағы тарифке енгізілген шығындар бүгінде еңбеккерлерге төленіп келе жатқан жалақыны жабуға да жетпейтін көрінеді. Тарифтің еңбекақыға жұмсалатын бөлігі инфляция мен энергия өндірудің өзіндік құны артып келе жатуына байланысты жыл сайын өзектілігін жоғалтып, бүгінде ол сапалы қызмет көрсетуге қырсығын тигізе бастаған», дейді энергетиктер.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)