Қазақстандық сейсмостанциялар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

Жаңалықтар
view 36
news

Қазақстандық сейсмикалық станциялар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Бұл жолғы дүмпу Алматыдан 849 шақырым жерде болған, деп хабарлайды janabastau.kz.

Сейсмикалық стансалар желісі төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі – 30 шақырым. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат жоқ екені айтылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *