Науқас балалардың суретін пайдаланып, алаяқтық жасаған
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматы полициясы 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды janabastau.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысының полицейлері Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, ол Талғар ауданындағы балаларды емдеуге қаражат жинау мақсатында Instagram-да парақша ашқан.
«Алаяқ, онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының реквизиттерін орналастырғаны анықталды. Ақшаның қозғалысын бақылап, біз Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтадық. Қазір жалған есепшотқа 6 мыңнан астам аударым жасалып, жалпы сомасы 32 млн теңгеден астам қаржы түскені анықталды», – деп хабарлады полиция.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Пікірлер (0)