«Боқаев маған ештеңе есімде жоқ деп айтуды ұсынды» – Ұлан Нүсіпқожа сот жарыссөзінде сөйледі
Фото
Боқаевқа қатысты іс бойынша сот жарыссөзі өтті. Ол жерде бұған дейін Боқаевтың мобилографы болып жұмыс істеген айыпталушы ҰланНүсіпқожа сөйледі. Ол өз өміріндегі үлкен қателігі мен сол ағаттықтыңөзіне және жақындарына қаншалықты ауыр тигені туралы айтты.
«Бүгін алдарыңызда тұрып, болған оқиғаның бәрін айту маған өтеауыр», – деп бастады ол сөзін.
Оның айтуынша, айыпталушылардың қатарында болып, жеті айғажуық уақыт бойы отбасынан, балаларынан және үйреншікті өмірсалтынан жырақта болу да оңайға соқпаған. Ол осы аралықта көпнәрсеге көзқарасын қайта саралағанын жеткізді.
Нүсіпқожа жасаған ісіне өкінетінін, өзін ақтауға тырыспайтынын, көзге көрініп тұрған жайттарды жоққа шығармайтынын және барлықжауапкершілікті басқа адамға арта салмайтынын айтты. Ол өз кінәсінмойындады. Оның сөзінше, ол Санжар Боқаевтың тапсырмаларынорындау арқылы құқыққа қайшы әрекеттерге сыбайлас болып шыққан. Атап айтқанда, ол Баум тоғайындағы ағаштарды кесу және гранит тақталарды ұрлау эпизодтарына қатысты бейнетүсірілімдерге қатысқан.
Нүсіпқожа Боқаевтың бейнеоператоры әрі мобилографы болғанын, ал оны жұмыс берушісі ретінде қабылдап, берген тапсырмаларынқалыпты жұмыс міндеттері деп түсінгенін айтты. Оның міндетіне түсірілімжасау, жарық пен дыбысты реттеу, микрофондарды орнату жәнебейнематериалдарды монтаждау сияқты техникалық жұмыстар кірген. Олұйымдастырушы болмаған, олардың мақсатын анықтамаған және қандайда бір іс-әрекетті өз бетінше жасау туралы шешім қабылдамағанын алғатартты.
Сонымен қатар Нүсіпқожа өзін сотталушылардың орындығына алыпкелген басты себепті де жасырмады.
«Менің салғырттығым, өзгенің тапсырмасын ойланбастанорындауға дайын болғаным және болып жатқан жайттарды дер кезіндеанықтап алуға құлық танытпағаным», – деді ол.
Айыпталушы «Атакентті» қайта жаңғырту және жерастыөткелдеріне қатысты ақпарат жарияланған эпизодқа да жеке тоқталды. Ол осы тақырыптағы бейнероликтерді өзі түсіріп, монтаждағанынрастады.
Алайда оның айтуынша, видеолардың мазмұнын, мәтіндерін, скриншоттарын және бүкіл ақпараттық негізін Боқаев дайындаған. Ал өзідайын материалдарды алып, тек техникалық жұмыстарды атқарған.
«Бұл бейнероликтерді дайындаудың артында қылмыстық ниеттұруы мүмкін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеген», – деді ол.
Нүсіпқожа үшін ең ауыр кезең тергеу басталғаннан кейінгі уақытболған. Ол өзін алғаш рет жауап алуға шақырғанда Боқаев ештеңеесімде жоқ деп айтуды ұсынғанын жасырмады. Сондай-ақ, Боқаев оғантергеушінің алдында өзін қалай ұстау керегін және қандай жауаптар беру қажеттігін іс жүзінде түсіндіретін бейнематериалдар жіберген.
Тіпті өзі ұсталғаннан кейін де Боқаев оны үнсіз қалуға жәнеешқандай айғақ бермеуге көндіруді жалғастырған.
Сол кезде ол шешімді өз бетінше қабылдауы керегін түсінген. Нәтижесінде шындықты айтып, өзінің бұл іске қатысқан рөлін мойындауғабел буған.
«Мен өз әрекеттерім үшін жауап беруге міндетті екенімді түсіндім. Бірақ басқа біреуді қорғау үшін шындықты жасыруға міндетті емеспін», – деді Нүсіпқожа.
Сонымен бірге ол сөзін айыптауға айналдырғысы келмейтінінескертті. Мобилографтың пікірінше, «әр адам өз әрекеті үшін өзі жауапберуі керек». Алайда соттан өзінің бұл оқиғаларға ұйымдастырушыретінде емес, жұмыс берушінің тапсырмаларын орындаған қызметкерретінде тартылғанын ескеруді сұрады.
Нүсіпқожа өз қателігінің зардабын ең көп тартқан жақындарытуралы да айтты.
«Менің қателігім үшін отбасым жауап бермеуі керек. Осындайжағдайға өз кінәмнен тап болғанымды түсінемін. Бірақ қалыпты өміргеоралғым келеді», – деді ол.
Сондай-ақ, ол бұған дейін сотталмағанын, қылмыстық та, әкімшілікте жауапкершілікке тартылмағанын еске салды.
«Мен өмірімді қылмыстық әрекеттерге арнаған адам емеспін. Қателестім, дұрыс емес адамға сеніп қалдым, болып жатқан жағдайдыңмәнін дер кезінде бағалай алмадым», – деді ол.
Нүсіпқожа соттан өз кінәсін мойындауын формалды мәлімдеменемесе жеңіл жазаға қол жеткізу амалы ретінде емес, өз қателігін түсінгенадамның саналы шешімі ретінде қабылдауды сұрады.
Соттың назарын аударуды өтінген мән-жайлардың қатарында тиістіэпизодтар бойынша кінәсін толық мойындауы, жасаған ісіне өкінуі, істіңегжей-тегжейін анықтауға көмектесуі, бұрын сотталмағаны, кәмелеткетолмаған балаларының болуы, сондай-ақ қылмыстардыұйымдастырмағаны және әрекеттердің мазмұны мен мақсатын өзіайқындамағаны бар.
«Егер өткенге қайта оралу мүмкін болса, мен мұндайтапсырмаларды ешқашан орындауға келіспес едім. Болып жатқанжағдайдың қарапайым жұмыс шеңберінен шығып бара жатқанын алғашсезген сәтте-ақ тоқтар едім. Бірақ өткенді өзгерту мүмкін емес. Өзгертугеболатын нәрсе – тек болашағың», – деді айыпталушы.
Сөзінің соңында Нүсіпқожа соттан қамауда өткізген уақытын ескереотырып, оны нақты бас бостандығынан айырумен байланысты емес, заңда көзделген ең жеңіл жазаға тартуды сұрады.
Пікірлер (0)