Қарағандыда сарапшылар өңірдің дамуындағы мәслихаттардың рөлін талқылады

Жаңалықтар
view 16
news

Фото

2026 жылғы 26 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Өңірдің дамуындағы мәслихаттардың рөлі» атты сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Талқылауға Қазақстан Халық кеңесініңмүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғамдық кеңес мүшелері, саясаттанушылар және «Талдау» аналитика мектебінің сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ғалымжан Құсманғали 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауыжаңа Конституцияның қабылдануымен басталған өкілді билікті республикалықдеңгейден аудандық деңгейге дейін жаңарту кезеңін қорытындылайтынын атапөтті. Оның айтуынша, соңғы 23 жылда алғаш рет мәслихаттар Парламенттенбөлек сайланады. Сайлау науқанының негізгі өзегіне жол, жылумен және суменқамтамасыз ету, абаттандыру сияқты жергілікті мәселелер айналып отыр. Қарағанды облысында депутаттар 196 бірмандатты сайлау округі бойыншасайланады. 612 кандидат тіркелген, орта есеппен бір мандатқа 3,1 кандидаттанкеледі.

Модератор биыл жазда қабылданған заңның нормаларына да тоқталды. Атап айтқанда, депутаттық сауалға жауап беру мерзімі күнтізбелік 15 күнгедейін қысқартылды, депутат өз округінің сайлаушыларымен жылына кеміндеекі рет кездесуге міндетті, ал аудандық мәслихат мүлік салығының ауылдармен кенттердің бюджеттерінде қалатын үлесін айқындайды.

«Бұл өкілеттіктерді сайлаудың өзі емес, заң береді. Ал сайлау осы өкілеттіктерді кімнің және қаншалықты кәсіби деңгейде жүзеге асыратынынайқындайды», – деп атап өтті ол.

«Қазақстанның жаңа саяси жүйесіндегі мәслихаттар» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының бұрынғы депутаты, I шақырылымнан бастап Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болған, төрт шақырылым бойы оның хатшысы қызметін атқарған ҚұдайбергенБексұлтанов баяндама жасады.

Өз сөзінде ол Мемлекет басшысы айқындаған мәслихаттар институтыннығайту, олардың өкілеттіктерін кеңейту, депутаттық бақылауды күшейту және депутаттардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі міндеттерге тоқталды. Спикер халықтың өзекті мәселелерін шешудегі және өңірлік бастамалардыжалпыұлттық деңгейде ілгерілетудегі мәслихаттардың рөліне ерекше назараударды. Сондай-ақ саяси партиялар мен депутаттық фракциялардыңхалықпен жүйелі жұмыс жүргізуінің, сайлауалды міндеттемелердің орындалуытуралы тұрақты есеп беруінің және қабылданатын шешімдердің ашықтығынқамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторыНұртас Смағұлов «Мәслихаттардың нақты өкілеттіктері мен қызметініңтиімділігі» атты баяндамасында жаңа Конституцияның нормаларына тоқталды.

Конституцияның IX бөлімі жергілікті өкілді органдардың мәртебесінайқындаса, 88-бабына сәйкес аумақты дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту мәслихаттардың құзыретіне жатады.

Сарапшының пікірінше, бұл мәслихаттардың жергілікті мәселелердіталқылау алаңы ғана емес, қабылданған шешімдердің орындалуынбақылайтын маңызды институт ретіндегі рөлін айқындайды. Ол депутаттарқызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің, тұрғындармен тұрақты кездесулерөткізудің және сайлауалды бағдарламалардың орындалуы туралы есеп берудіңмаңыздылығын атап өтті.

Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің философия және психология факультетінің деканы, PhD докторы Анара Мақатова «Жергілікті өкілдік пен өзін-өзі басқаруды дамыту перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.

Ол орталықсыздандыру үдерісін өзара байланысты үш бағыт – әкімшілік, фискалдық және саяси тұрғыдан қарастырып, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзібасқару жүйесінің 1993 жылдан бастап жаңа Конституцияның қабылдануынадейінгі даму кезеңдеріне тоқталды.

Сарапшы төртінші деңгейдегі бюджетке, яғни жергілікті қоғамдастықжиналысымен келісілгеннен кейін аудандық мәслихат бекітетін ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттеріне, сондай-ақ азаматтардыңшешім қабылдауға қатысу тетіктеріне – жергілікті қоғамдастық жиындарына, қоғамдық тыңдауларға, цифрлық платформаларға және халық қатысатынбюджетке ерекше назар аударды.

Оның пікірінше, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үш негізгі қағидатқа – пәрменді өкілді органдарға, өңірлердің қаржылық дербестігіне және азаматтардың белсенді қатысуына негізделуі тиіс.

Пікірталас барысында қатысушылар облыс тұрғындарының депутаттарғажиі жүгінетін мәселелерін, депутаттардың сайлаушылар алдындағы есеп беруінтиімді бақылау тетігіне айналдыру жолдарын, сондай-ақ мәслихаттарға жастармен түрлі сала мамандарын тарту мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, модератор Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың Мәслихат депутаттарының III республикалықфорумында айқындаған міндетін еске салды. Атап айтқанда, депутаттар халықпен билік арасындағы алтын көпірге айналып, тұрғындардың өзектімәселелерін шешуге ықпал етуі тиіс.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *