Мопедтерді тіркеу мен көлік жылдамдығын бақылауға арналған заң мақұлданды

Жаңалықтар
view 181
news

Сурет: Ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Сенатының бүгінгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен ілеспе құжат екі оқылымда қаралып, мақұлданды – деп хабарлайды janabastau.kz.

Аталған заңның мақсаты – көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін бақылауды жүзеге асыру және жол қауіпсіздігін цифрландыруды жетілдіру.

Заң мынадай негізгі ережелерді қарастырады:

  • көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын рұқсат етілгеннен сағатына 60 және одан көп километрден астам шамаға арттырған адамдар үшін неғұрлым қатаң әкімшілік жауапкершілікті енгізу, сондай-ақ қайталап жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қосымша шараларын енгізу;
  • мопед жүргізушілерінің жауапкершілігін өзге механикалық көлік құралдары жүргізушілерінің жауапкершілігіне теңестіру;
  • көлік құралдарының жүргізушілері алғаш рет жасаған, сыртқы жарық аспаптарын және (немесе) дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын және жол жүрісі қағидаларының өзге де талаптарын бұзғаны үшін айыппұлды алып тастау;
  • жолдар мен жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты құқық бұзушылықтарды қайталап жасағаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін енгізу.

Тұтастай алғанда, заң жекелеген көлік құралдарының түрлерін пайдалануды құқықтық реттеуге және Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алудың құқықтық алғышарттарын жасауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *