Алматыда 23 жастағы бойжеткен 58-дегі сүйіктісін пышақтады

Жаңалықтар
view 132
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыда жас қыз өзімен бірге тұрып жатқан 58 жастағы сүйіктісін пышақтап тастады, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 қыркүйекте түнгі уақытта болған. 23 жастағы келіншек пен оның бірге тұратын сүйіктісі екеуі алкогольдік ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал туып, салдарынан ер адамның кеудесіне пышақ сұққан.

Ол оқиға орнында көз жұмады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *