Асхат Аймағамбетов: сабақтарды 30-40 минутқа қысқарту хаос тудырады
Сурет: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елдегі кейбір мектептерде сабақтардың ұзақтығын 40 минутқа қысқартуға қатысты жауап берді. Бұған дейін Павлодардағы барлық мектептерде сабақтар 40 минутқа ғана созылатыны белгілі болған еді, деп хабарлайды janabastau.kz.
"Павлодар облысының басшылығы сабақтарды 30 минутқа қысқартуға ойланбаған екен. Өйткені, егер осындай логикамен жүретін болсақ, жаңа мектептер салудан бас тартып, төрт ауысымды оқуға оңай өтіп, жүздеген миллиард теңгені үнемдеуге болатын еді. Шындығына келгенде, Павлодардағы сабақтардың ұзақтығын 30-40 минутқа қысқарту сұрақтар тудырады", – деп жазды Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-каналында.
"Аймақтар бойынша мектеп сабақтарының әртүрлі уақыттық шектері және әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда қашықтан оқуға көшу оқыту үдерісін ұйымдастыруда хаос тудырып, білім сапасына және барлық оқушылар үшін тең жағдайларға кері әсерін тигізеді. Әсіресе, оқу бағдарламаларының мазмұны мен оқу мақсаттарының көлемі өзгермегенін ескерсек", – деп қосты депутат.
Пікірлер (0)