Кедейлер шықсын, хоккей ойнасын  – Абаев

Редакция таңдауы
view 1511
news

Өткен аптада ҚР Мәдениет және спорт министірінің жұртшылықпен кездесу барысында өзін дұрыс ұстамағаны байқалған. Сөйтіп ол қоғамда қызу талқыға түскен еді. Жасы үлкен әжеге миғынан күліп «ұнамаса көрмей-ақ қой» деп «шешендік» танытқан. Сөйтсек ол сорақылық аз екен, бүгін сол жиындағы сюжеттің қалған бөлігі шықты. «Мына министрсымақтың Түркістан тұрғындарымен кездескен үзіндісін көріп, қаным басыма шауып тұр. Осындай қуыршақтар отырғанда көсегеміз жақында көгермейді екен. Құрметті президент мырза!  Құрметті премьерім! Халықпен дұрыс сөйлей алмайтын, кеудесіне нан піскен мынадай бейбақтардан үкіметті тазартуларыңызды сұраймын! Мына сұрақ қойып отырған ақсақал жасы 82-ден асқан еліміздің құрметті қариясы Әзіретбергенов Жарылқасын болады. Біз бұл кісінің сөзін бөлмек түгілі, алдын кесіп өтпейміз. Айтарым бар деп сүйретіліп министрдің кездесуіне барған-ақ екен. Алған жауабы осы ма? Не мазақ мынау! Жұрт алдында сөйлеу мәдениетінен жұрдай екендігін тағы да дәлелдеді бұл министр. Осындай да жауап бола ма? Не сұмдық! Бір емес, екі емес, қояр емес қой тегі халықтың алдында ісініп-қабынып... Үңгірден шыққанымыз аздай, журналиспен сұқбатын да тыңдадық, ендігісі мынау... Мәдениет министрі алдымен мәдениетті бойына қалыптастырып алсыншы біреудің алтын құйып құйған бірдеңесі болса да...» дейді Түркістан облысының тұрғыны Мәриям Тасболатқызы өзінің әлеуметтік парақшасында. Сюжетте Мәдениет министрі сауал қойған қарияға "Кедейлер шықсын, хоккей ойнасын" деді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *