Кемел Тоқаевқа қатысты құпия құжат жария етілді

Жаңалықтар
view 457
news

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағы ашық қолжетімділікке шықты. БАҚ хабарлауынша, бұл құжатты Ресей Қорғаныс министрлігі жариялаған.

Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтарында Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

 

«1945 жылдың 21 қаңтарында Польшадағы Еглиевец елді мекенінің солтүстік-батыс жағында немістер түнде біздің позицияларға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар өз танктерін жан аямай қорғап, кейін шабуылға шығып, жауды кері шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, өзінің автоматының оғымен бес немісті өлтіріп, тағы бір жаралы немісті тұтқынға алған. Тұтқынды өз бөлімшесіне алып келе жатқан кезде Тоқаевты аяғынан жарықшағы бар оқ жарақаттаған... Тоқаев жаралы немісті атып тастаған, ал өзі ауырсынуға қарамай, жарасын таңып, өз танктеріне жетіп алған», — делінген командир Афанасий Поваров қол қойған құжатта.

Кемел Тоқаев 1942 жылы майданға шақырылған. Көп ұзамай ол 226-атқыштар дивизиясында бөлімше командирі болған. Жарақат алғаннан кейін 7-гвардиялық танк полкінде қызмет еткен. Ол өз естеліктерінде, атап айтқанда «Солдат соғысқа кетті» атты кітабында, соғыстағы азап пен қорқынышты, сол майданда жүргендердің қайғы-қасіретін суреттеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *