Жігер Ауыпбаев бірінші отбасына қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
view 269
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, балаларымен араласып тұратынын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

Өнер иесі журналист Анна Данченкоғажан сырын ақтарды.

“Ең бастысы, пәтерімді беріп кеттім. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балалармен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды біледі. Әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Өнерге жақын. Бет көріспей кеткен күніміз болған емес”, – деді Жігер.

Одан кейін өзінің де денсаулығы сыр беріп, сиқырланғанын да жасырмады.

“3 жылдың ішінде басымнан көп нәрсе өтті. Қазір қалыпқа келдім. Тіпті достарыммен де араласа алмай, оқшауланып кеткен едім. Біраз уақыт ауырдым, ашығын айтқанда, менде сиқыр болды. Денеме белсіздікке жасалған сиқырлардан біраз нәрселер шығып кетті. Осы нәрселерден айыға алмай жүрдім. Сол мақсатта да Умраға жиі бардым, дем салдырдым. Ән дайын тұрады, бірақ шығара алмай, үйде жата бергім келді. Жұмыс бастайын десем, өнбейді. Сондықтан үзілістер болып қалды”, – дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *