Кәсіпкерлік – адамның іскерлігін, жоспарын және төзімділігін қажет ететін қоғамдағы өзекті саланың бірі. Заманның өркендеуіне сай соған түрткі болатын әр елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына сауда-саттық, жоғары және орта кәсіп өкілдері тікелей әсер етеді.
Елорданың іргесіндегі Қосшы қаласының да әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық жағдайы қарыштап дамып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек:
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы саны 2 843 бірлікті, жұмыс істеп тұрған 2 698 бірлікті құрады.
2022 жылғы қаңтар-сәуірге қарай өсім 166,8% - құрады, барлығы тіркелгендердің ішінен қолданыстағылардың үлесі 164% - құрады.
Оның ішінде:
Жеке кәсіпкерлердің тіркелгені-2180 бірлік, жұмыс істеп тұрғандары-2131 бірлік.
Шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, тіркелген – 599 бірлік, жұмыс істеп тұрғандары-503 бірлік.
ШҚ және ШҚ, тіркелген-64 бірлік, жұмыс істеп тұрғандары-64 бірлік.
Ақмола облысы өңірлерінің кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыру. Әр түрлі кезеңдерде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құрумен 1 млрд теңгеге жуық сомаға 4 жоба іске асырылуда.
"Құмтас АКК" ЖШС 300,0 млн теңге сомасына ТБ зауытын салу жобасы, жобаны іске асыру 2023 жылдың соңына дейін жоспарлануда. Жобаның өндірістік қуаты жылына 46,0 мың текше метр бетон.
"Сивка Бурка" ШҚ 85,0 млн теңге сомасына ет жартылай фабрикаттарын қайта өңдеу кешенін салу жөніндегі жоба, жобаны іске асыру 2023 жылы жоспарланып отыр. Өндірістік жылдық қуаты 18,0 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар.
"Главстрой" ЖШС 300 млн теңге сомасына көпфункционалды өндірістік кешен салу жобасы, атап айтқанда темірбетон бұйымдарын өндіру, қағаз және картон бұйымдарын өндіру, өсімдік дақылдары питомнигін ұйымдастыру. Өндірістік қуаты: сәндік дақылдар питомнигі жылына 8 500 дана; қағаз және картон бұйымдары жылына 100,0 мың дана.
"Asyl Tas corp" ЖШС 403,0 млн теңге сомасына жасанды мәрмәр дайындау фабрикасын салу жобасы. Жобаның өндірістік қуаты жылына 700,0 тонна жасанды мәрмәр дайындау.
Осы қатарлы бір қанша жобалар қаламызда алдағы уақытқа жоспарлануда. Жоспар ойдағыдай орындалса қаламыздың әлеуметтік-экономикалық қуаты артып, республикалық маңызды қалалардың қатарынан орын алмақ.
Тілеубек БАТЫС
Пікірлер (0)