Халық медициналық сақтандырудан неге қашады?
Экономика
418
Қосшыда 4 мың адамның медициналық сақтандыруы бар. Қала халқы жылдан жылға медициналық сақтандыруға деген көзқарасын өзгертіп, бір жүйеге түсіп келеді. Дегенмен де, көпшілік медициналық сақтандырудың өзінен сақтанып, басын алып қашады. Бұның себебі неде?
Бұл жүйе Қазақстан үшін таңсық жүйе емес. Сонда да халықтың енжарлық танытып, біле қоймайтыны несі екен? Бұл сұраққа Қосшы қаласының пациенттерді қолдау қызметкері Молдыбаева Айнагүл «Біздің қаланың тұрғындары әлі бұл жүйе туралы біле бермейді. Себебі, насихат аз. Әрі ақпаратты теріс түсініп жатады. Мен әлеуметтік желіге міндетті медициналық сақтандыру туралы посттар салып тұрамын. Сонда халықтан еститін сұрағым – «Біз не үшін ақша төлейміз?» деп жауап берді. Мысалы 2017 жылы ел бюджетіне 23 млрд теңге көлемінде міндетті сақтандыру жарнасы түскен. Ақша медицина саласын өркендетуге жіберілді. Міндетті медициналық сақтандыру көптеген дамыған мемлекеттерде бар. Мәселен, Германия, Франция, Голландия, Австрия, Бельгия, Швейцария сияқты Еуропа елдерінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қолданылады. Қазақстан жүйесіне де еніп, сақтандырудан түскен ақша арқылы ел медицинасын дамытса құптарлық, әрі тиімді іс болар еді. Медициналық сақтандыруды ең алғаш канцлер Отто фон Бисмарк ең Германияға ХІХ ғасырда енгізген. Сонымен 2 ғасырдан кейін көшке ілескен, Қазақстанның сақтандыру жүйесі қалай жұмыс жасап жатыр? Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы алдымен медицина саласына түсетін қаржыны ұлғайтуды мақсат етіп отыр. Қаржы көбейсе, денсаулық саласындағы бірталай мәселе шешіліп, қызмет көрсетудің сапасы артады деген үміт бар. Міндетті медициналық сақтандырудан елде мына мәселелер шешімін тауып келеді: мемлекеттік медициналық мекемелерде кезек мәселесі, дәрігерлердің жетіспеушілігі, мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Ерік Байжүнісов «Сақтандыру жүйесі дәрігерлердің арасында, емдеу ұйымдарының ортасында бәсекелестік туғызады. Қай маманға адам көп қаралса немесе қай емхана мен ауруханаға халық көбірек жүгінсе, соған аударылатын қаражат көлемі де ұлғаяды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өздерімен келісімшарт жасасқан ауруханалар мен емханаларға тиісті қаржыны аударады да оның мақсатты жұмсалуын қадағалап отырады. Өйткені сақтандыру қоры мемлекеттік мекеме емес, өз алдына дербес ұйым болғандықтан оның әрі қарайғы дамуы қордағы жинақталған қаражатқа тікелей байланысты», – дейді. Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіні халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де шешу үстінде. Мысалы мемлекет кепілдендірілген көмек бойынша 40-тан астам ауру түріне 200-ден астам дәріні тегін береді. Аурудың қаншама түрі бар. Емделудің бағасын естігенде қаншама адамның көңілі құлазып, үміті өшіп жатады. Медициналық сақтандыруға жарна төлеу арқылы біз басқа да адамдардың өмірін құтқара аламыз. Әлгі Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» дегені осы емес пе? Бірімізді қазақ біріміз дос көрмесек, не болғанын болғанымыз?! Жылдап ауруханаға бармайтын, тексерілмейтін адамдар бар. Дәрігерлік көмекке жүгінбейтіндер де міндетті медициналық жарнасын төлеп отыр. Себебі бұл – әрі өзінің денсаулығын сақтау, әрі өзгенің денсаулығына жанашырлық. Иә, медициналық сақтандырудың кемшіліктері әлі көп. Ол дәрігерлерге де, пациенттерге де қолжетімді, ыңғайлы болуы керек. Медицинасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, онда елдің дені сау ұлт болып қалыптасуына үш топ жауапты. Оның біріншісі – мемлекет болса, екіншісі – жұмыс берушілер, ал үшіншісі – халық. Осы үш топтың күші біріккенде ғана денсаулық саласындағы қордаланған мәселелерді оңынан шешіп, саланы дамытуға болады. Мысалы, әрбір мемлекет өзінің азаматтарына қол ұшын беріп, денсаулығын сақтандыруға кепілдік береді. Жұмыс берушілер немесе кәсіпкерлер қол астындағы еңбеккерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыруға мүдделі болса, қарапайым халық өз денсаулығына өзі ұқыптылықпен қарап, дер кезінде дәрігерге қаралуы тиіс. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді. Демек, сырқат бастапқы сатысында анықталса, оны емдеу де жеңіл, яғни мемлекетке онша салмақ түспейді. Ал артылған қаражат медицинаның басқа өзекті саласына жұмсалар еді. Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында медицина саласындағы барлық кемшіліктерден құтыламыз деп айту қиын. Дегенмен бұл жүйе медицина саласының, халықтың әлеуетін біршама арттыратыны анық. Медициналық сақтандырудан қашу - шешім емес. Халық болып жұмылып, цифрлы технология мен заман талабының жаңа жүйелерінің сапасын арттыруымыз қажет.Әлия Жүсіпова, «ӘМСҚ» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры
МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай білуге болады?
Егер сіз сақтандырылған мәртебеңізді және өзіңіз үшін жарналардың түсетінін не түспейтінін білмесеңіз, оны бірнеше жолмен тексеруге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылғандарға МӘМС бойынша қажетті медициналық қызметтерді қалай алуға болатынын айтып берді. Көптеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қалай алуға болады деп ойлайды, өйткені МӘМС бойынша тар бейінді дәрігерлердің консультациялары, гормондарға талдаулар, КТ/МРТ және басқа да қажетті диагностикалық қызметтер қолжетімді болып келеді. Бірінші қадам-өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексеру. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.- Egov.kz. электрондық үкімет порталы
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты
- Goldau 24/7 мобильді қосымшасы.
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.
Пікірлер (0)