«Сатқындықты махаббат демеңіздер»: Белгілі актриса некеде болса да жүріс жүретіндерді сынады
Фото: ашық дереккөз
Актриса Гүлшарат Жұбаева заңды некеде бола тұра жүріс жүретін адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, заңды некеде бола тұра жүріс жасау тренд болып барады.

Сатқындықты махаббат деп ақтап алатын қоғам болып барамыз. Соңғы жылдары әйел болсын, еркек болсын заңды некеде бола тұра жүріс жасау тренд болып барады. Оның үстіне олар өз махаббаттары үшін күресті деп ақтап алатындарды түсінбей-ақ өтетін шығармын. Орта жастан өткен соң бетімен кеткен қандай махаббат? Тым болмаса бастарын арашалап барып, қосылса ғой. Кете алмадым, жібермеді деген бос әңгіме. Өмірлік жолдасының үстіне жүріс жүрген әйел немесе еркек ажыраса алмайды дегенге сенбеймін. Дәл осы сатқындықты махаббат демеңіздерші, өтініш. Мұндай махаббатты «ұлы махаббат» деп насихаттамаңыздар. Отбасы деген құндылықты аялайық, - деп жазды актриса.
Пікірлер (0)