Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Редакция таңдауы
130
12 маусым күні Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің төрайымы С. Матайбаева ашқан отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібі бойынша 3 мәселе қаралды. Қосшы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлкен Тойымбеков қаладағы жолдардың жай-күйі, жөнделуі, құрылыс жұмыстары және күтімі туралы Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді.
Төтенше жағдайлар кезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асқар Жакупов баяндады. Сонымен қатар отырыс барысында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы әкім аппаратының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі бас инспекторының м.а. Әсем Айтбаева есеп берді.
Сондай-ақ отырыста ұйымдастыру жұмыстарының жай-күйі қаралды.
Қоғамдық кеңес мүшелері отырыс барысында тиісті мекеме басшыларына көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған жауап берілді. Отырыс соңында Қоғамдық кеңестің хаттамалық шешімі қабылданды.
janabastau.kz
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)