Көкшетауда Наурыз мерекесі қарсаңында 1600-ден астам кимешек киген әйелдер шеруі өтті

Жаңалықтар
view 104
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Көкшетауда Наурыз мерекесі қарсаңында 1600-ден астам кимешек киген әйелдер шеруі өтті. Бұл шара Гиннес рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Ақмола облысының аналар кеңесі ұйымдастырған парад Салтанат сарайы алдында басталып, қатысушылар бір шақырымдық жолды жүріп өтті. Шара қала тұрғындары мен онлайн көрермендерге тікелей көрсетілді.

Парадтың басында Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ белсенді әйелдер ұйымдарының жетекшілері жүрді. Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, әртістер мен басқа да мамандық өкілдері қатысты.

Қазақстан Рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастулеков бұл оқиғаны ресми түрде тіркегенін жариялады.

Шараның соңында облыс әкімі Марат Ахметжановқа ресми сертификат тапсырылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *