Назарбаевтың қыздары өзара «соғысты бастапты»
Фотосурет ашық дереккөзден
Ұзынқұлақтың хабарынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы мен кенже қызы – Дариға мен Әлияның арасында «қырғиқабақ соғыс» басталып кетіп, енді оның ақырының қашан бітерін ешкім білмейді, дейді…
Екі қыздың араздығы Дариғаның марқұм ұлы Айсұлтанның есірткіге тәуелді болуынан басталған екен. Кейін анасынан қашып кеткен Айсұлтанды Әлия өз қамқорлығына алып, Дариға баласын алып кетуге келгенде, Әлия әпкесін «баланың психикасын бұзды» деп айыптапты. Қатты ашуға мінген Дариға: «негізі, әулетке есірткіні алып келген сенсің!» деп, жанжалдың ішінде сіңлісіне жұдырық жұмсап жіберіпті…
Бір-біріне өкпесі қара қазандай апалы-сіңілілі бауырлар Айсұлтанның қазасынан кейін мүлдем суып кеткен. Арасында әулеттің үлкендері Дариға мен Әлияны татуластырғысы келгенімен, қатып-семген мұздай сең ерімепті.
Сосын, Дариға Санжар Боқаевты РОП пен утильалымға қарсы қойып, ұзақ жылдарғы кикілжіңді өршіткен. РОП операторына шабуылдан ешкім ұтқан жоқ, Әлияның қылмыстық империясы толық күйреді. Қазір де РОПтан үлес алғандар оны жаптырмай, антикор генералы, білдей премьер-министр Олжас Бектеновті қайнағасы Әділбек Жақсыбеков арқылы алақанында ұстап отыр.
Шындығында, РОП, МӘМС, утилалымның ШЫН ҚОЖАЙЫНДАРЫНА қазір Қазақстанда қарсы шығатын екі адам ғана бар, олар: Әкежан Қажыгелдин мен Иманғали Тасмағамбетов. Бірақ, бұл мықтыдан бүгінгі «Жаңа Қазақстан» арыстан көргендей қорқады…
Сонымен, екі қыздың арасына отбасылық түсінбестік қана емес, тағдырлы байлық түсіп, бүгінде олар мүлдем араласуды қойып, әулеттің тойы немесе өлім-жітімінде бірі барған жерге – екіншісі аяқ аттап баспайды екен, құдай бетін әрмен қылсын!
Тегінде, тергеуде екі қыздың әр бірін 100 жыл түрмеге тығуға жеткілікті том-том қылмыстық істер бар көрінеді, тек әзір Нұрсұлтан Назарбаевтың көзі тірі кезінде оның қыздарына уақытша ғана қауіпсіздік кепілдігі сақталып тұр.
Ислам Кәрімов өлгеннен кейін ғана оның жалғанды жалпағынан басқан қызы Гүлнар Кәрімова абақтыға тығылды…
Болат Назарбевтың да ұл-қыздары түрмеге беттерін қаратып тұр…
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, журналист.
Facebook жазбасы.
Пікірлер (0)