«Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу- жаттығуы өтті

Редакция таңдауы
view 289
news

Қосшы қаласында кезекті рет «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жылдық жоспардың негізінде өткізілді.

Қосшы қаласында кезекті рет «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жылдық жоспардың негізінде өткізілді. Аталған іс-шараға Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов және Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асқар Жетібайұлы қатысып, төтене қызметкерлерінің дайындығымен танысты. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін басты назарда ұстаған оқу- жаттығудың басты мақсаты күтпеген табиғи және әдейі қастандықпен жасалған апатардан сақтану. Төтенше жағдай бола қалаған жағдайда тез әрі жылдам шешіп қабылдап, мемлекеттік мекемеге, жеке меншік ұйымдарға ешқандай да залал келмейтіндей жүйелі түрде шешім қабылдау және де қызметкерлердің бірлесіп, ұжымдық жұмыс атқаратынын толық қанды көз жеткізу. Оқу- жаттығудың міндетіː барлық техникалық құрылғылардың ақаусыз жұмыс істеуіне және техника басқаратын қызметкерлердің пысықтығын, жұмысқа жауапкершілігін арттыру болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан, наурыз айларында Қосшы қаласының аумағындағы су тасқынының алдын алу, оның салдарын азайту және жою үшін базалық және техникалық тексеру жүргізіледі, әкімдіктің 20.02.2023 жылғы № 07-308 қаулысымен бекітілген жоспарға сәйкес және азаматтарды қорғаудың мемлекеттік жүйесі қалыптасады.

Оқу- жаттығуда: 1-грейдер, 1-ПМ, 3 – МТЗ, пышақтар мен щеткалар, 3 – тиегіштер, 5 – самосвалдар, 3-ас машиналар және 6 мотопомпалар; УАЗ бір автокөлігі және «АЭҮК»АҚ жеке құрамының 4 адамы; Құрамында 6 адамнан тұратын «Қосшы-СУ» ШЖҚ МКК бригадасы бар: генератор, электр айдауға арналған сорғы, газель; Құқық тәртібін қамтамасыз ету қызметі 1-құрамында екі адам бар «Шевроле кобальт» маркалы бір патрульдік машинадағы экипаж; Екі өрт сөндіру машинасы АЦ-40-130 ЗИЛ және АЦ-5-40 Камаз, алты адамнан тұратын экипаждары бар (2 жүргізуші және 4 өрт сөндіруші); Құрамында 2 адам (жүргізуші және фельдшер) бар «Жанұя» КСМК бір жедел жәрдем көлігі; Техниканың жалпы саны-16 бірлік ауыр техника, 4 бірлік арнайы техника, 3 бірлік жеңіл техник. және жеке құрамында 36 адам бар толық құрам оқу-жаттығу кезеңінен өтті.

Айтып келмейтін апатың, тілсіз табиғатың тосын мінезінен туындайтын төтенше жағдайды ешкім де болжай алмайды. Сондықтан біз әрқашан да, әрбір жағдаятқа сақадай сай дайын болуымыз керек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *