№4 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Руслан Қасымұлы Айтжанов

Редакция таңдауы
view 142

Мен, Қосшы қаласының маслихат депутатына үміткер Айтжанов Руслан Павлодар облысының тумасы, 1982 жылдың 24 қаңтар күні дүниеге келдім. Қосшы қаласыңда 2016 жылдан бастап бала-шағаммен тұрамын, алты баланың әкесімін. Орта мектепті Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Алқатерек ауылында аяқтадым. Жоғарғы заңгер мамандығы бойынша білімім бар. 2002-2003 жылдары ҚР Ұлттық ұлан қатарында 6655 Ақтобе қаласы және 6656 Ақтау қаласы әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметтен өттім. Еңбек жолымды 2003 жылы құқықтық пәндер оқытушы лауазымда «Туран Астана» колледжі мен университетінде бастадым. 2008-2015 жылдары Астана қаласында заңгер, заң бөлімінің бастығы және директор лауазымдарында қызмет еттім. 2015 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты болып қызмет етемін. 2022 жылдың ақпанынан бастап Қосшы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табыламын және осы жұмыстың нәтижесінде қаламыздың даму жоспары мен оның барлық түйткілді сұрақтарымен таныспын. Назарыңызға менің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын: 1. Тұрғындардың қауіпсіздігі және жеке дамуы. Қажет іс-шаралар: құқық қорғау және ТЖ органдарының қызметін күшейту, білім беру сапасын арттыру, «ArtSport» қосымша білім беру бағдарламасы арқылы оқытуды сақтап дамыту, инклюзивті ортаны құру, жаппай спортты дамыту, жастар саясатын жетілдіру, тұтынушылардың құқытарын қорғау. 2. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Қажетті іс-шаралар: қала дамуының қарқынын, жаңа мемлекеттік және жеке меншік объектілердің құрылысын арттыру. 3. Қол жетімді баспана құрылысы. 4. Кәсіпкерлікті қолдау. Қажетті іс-шаралар: мемелекеттік қаржы көздерін тарту және сала бойынша кәсіпкерлер бірлестіктерін құру. 5. Құрылыс жұмыстарын қоғамдық бақылауға алу арқылы автокөлік жолдарының сапасын жақсарту. 6. Қала тіршілігін қамтамасыз етуді тиісті деңгейде жүргізу. Қажетті іс-шаралар: осы салада жоспарлау, ұйымдастыру және орындау бойынша барлық жұмыстарды біртекті қоғамдық бақылауға алу. Қосшы қаласының ауықымды мәселелерін шешу мақсатында мен қалалық маслихат депутаттары сайлауына кандидат ретінде қатысуға шешім қабылдадым. Бағдарламамда көзделген барлық мақсаттардың орындалуына кәміл сенемін. Мен «AMANAT» саяси партиясының мүшесі ретінде маған артылатын үміттерге сай болуға бағытталған барлық іс-әрекеттерді жасауға тырысамын және мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы буын болып, халық топтарының барлық өкілдерінің мүдделерін қорғаймын. Сіздермен, яғни қала тұрғындарымен бірге, мен депутат ретінде алға қойған барлық мақсаттарыма қол жеткізетініме сенемін, сондықтан сіздерді 19 науырыз күні өтетін сайлауда менің кандидатурамды қолдауға шақырамын. Сайлауға қатысып қаламыздың болашағына дауыс беріңіздер!

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Руслан Қасымұлы Айтжановқа респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *