Көлік-логистика: Президент жаңа міндеттер жүктеді
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Транскаспий көлік бағытының маңызы артып келеді. Бұл бағыттар біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп, елге едәуір табыс әкелуі тиіс.
«Инфрақұрылымды жақсарту үшін жаңа инвестиция тарту қажет. Бұл сапалы жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Сонымен қатар цифрлық тәсілдерді кеңінен қолдану керек, онсыз тиімділік болмайды. Өңірлердің көлік байланысына қатысты мәселелермен де жүйелі айналысу қажет», – деді Президент.
Тоқаевтың сөзінше, халықаралық деңгейде де жиі талқыланып жүрген бұл тақырып Қазақстан үшін айрықша маңызды, өйткені еліміз ірі транзиттік аймақ саналады.
Пікірлер (1)
A simple solution uses several AI platforms to enable creation of expanded visitors... A intelligent platform handles visitor outreach from a central hub... Bundled in a suite of established AI modules... https://loading-please-wait.online/AutoLeadMachine?domain=janabastau.kz