Президент: Әуе жүк тасымалы екі есе артуы тиіс

Жаңалықтар
view 27
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуе жүк тасымалының әлеуетіне ерекше назар аудару қажеттігін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz агенттігі. 

Мемлекет басшысы бұған дейін жүк көлемін екі есе ұлғайту жөнінде тапсырма бергенін еске салды. Оның айтуынша, бұл мақсатқа ең алдымен шетелдік ірі инвесторларды тарта отырып, Ұлттық жүк тасымалдаушы компания құру арқылы қол жеткізуге болады.

«Электронды сауда мен жоғары технологиялық өнімдер саудасы қызған қазіргі кезеңде әуе арқылы жеткізу аса сұранысқа ие әрі табысты тасымал түріне айналды. Сондықтан біз әуе хабтарын дамытып, оларды жаһандық логистика тізбегіне кіріктіруіміз керек», – деді Президент.

Сонымен қатар ол экспресс-жүк тасымалдауды ретке келтіру қажеттігін атап өтті. Бұл қадам тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемде дамып жатқан жаңа технологияларды – пилотсыз жүк көліктері мен дрондарды – Қазақстанға тез енгізу үшін Үкіметке тиісті құқықтық актілерді қабылдауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *