Президент: Кәсіпкерлер цифрлық дамудың қозғаушы күші болуы керек

Жаңалықтар
view 30
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың негізгі күші болуға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру үдерісі бойынша мемлекеттік органдар арасында көш бастауға тиіс. Бұл мекеме жасанды интеллект пен озық технологияларды салық төлеушілердің мүддесіне сай тиімді пайдалануы қажет.

«Жаңа Салық кодексі тек нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі тиіс. Ол ашықтық пен адалдыққа негізделген салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуі керек», – деді Президент.

Тоқаевтың сөзінше, бұл жүйелі қадамдар мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың жаңа, сервистік үлгісін қалыптастыруға бағытталған.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *