Көптен бері көрінбей кеткен Дариға Назарбаева жабық іс-шарада бой көрсетті
Фото: Kursiv LifeStyle
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева «Целинный» орталығының жабық іс-шарасында бой көрсетті, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Stan.kz-тің мәлімдеуінше, жеке іс-шара 8 қыркүйекте жаңартылған заманауи мәдениет орталығында өткен. Айта кетейік, «Целинный» орталығына үш күн ішінде Назарбаевадан бөлек 12 мың қонақ келген. Куәгерлер Назарбаеваның шараға жалғыз келгенін, жанында оққағарлары да болмағанын айтады.
Айта кетсек, Дариға Назарбаева – «Целинный» заманауи мәдени орталығының негізін қалаушы Қайрат Боранбаевтың бұрынғы құдағиы. Боранбаевтың қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын. Ал Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы көз жұмды.
Пікірлер (0)