Көптен көрінбей кеткен Әлия Назарбаева жұрт алдына шықты

Жаңалықтар
view 518
news

Фотосуре видео кадры

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева туған күн кешінде көзге түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

КІМНІҢ ТУҒАН КҮНІ 

 

Әлия Назарбаева белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күн кешіне келген. Танымал қазақстандықтар жиналған туған күннің суреттері мен видеолары желіде пайда болды. 

  • Арнайы қонақ – Әлия Назарбаева мен өзге де танымал қазақстандықтар, деп жазды әнші Ержан Нұрғалиев.

Әлия Назарбаевмен түскен суретін Клара Күзденбаваның өзі де бөліскен. 

 

 

БҰҒАН ДЕЙІН

 

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, олигарх Нұрәли Әлиев желіде пайда болған еді. Ол танымал ұлыбританиялық әнші Эд Ширанның концертіне барған. 

Миллиардер әлеуметтік желідегі парақшасында концерттен бірнеше видео жариялады. Танымал әнші Бутан корольдігінде жеке концертін өткізген. 

Нұрәлі Әлиев жиі саяхаттап тұрады, люкс қонақүйлерде демалып, танымал адамдармен көп кездеседі. Әлемге танымал әртістердің концерттерінен де қалмайды. 

Өткен жылдың наурыз айында ол Лас-Вегаста өткен U2 рок тобының концертінде болып қайтты. Қазан айында Әлиев БАӘ-дегі демалысының суреттерін жариялады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *