Қосшы аруы - 2023 байқауының жүлдегері анықталды

Редакция таңдауы
view 430
news

Қосшы аруы - 2023 байқауының жүлдегері анықталды Байқауға қаламыздан 20-ға жуық ару қыздармыз қатысты оның ішінде 9 аруымыз екінші кезеңге жолдама алып, сахана биігінен кезең-кезең бойынша бақ сынады. Құрметті қонақ ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы өкілдері Ақұлан Тастемір мен Мансия Ескенова қатысты. Байқауға республикалық жыршы-термешілер одағының атқарушы директоры, айтыстың ақтангері Еркебұлан Қайназаров, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Бауыржан Қарағызұлы, қалалық Қоғамдық Кеңестің мүшесі Р. Айтжанов, жеке кәсіпкерлер, мәдениет жанашырлары Р. Қожанова мен Д. Кәкімжанов төрелік етті. Байқау болғаннан кейін жеңілу мен жеңу қатар жүреді. Қаламыздың көрікті де, білімді арулары қазылар алдында өз өнерлерін салып, мың бұрала биледі, жебе қадап, әсем ән де салды, түрлі кезеңдерден өтті. Байқау қортындысы бойынша: Айбике ару номинациясы бойынша – Гүлфайруз Жұматай. Хиуаз Доспанова номинациясы бойынша – Жарқынай Байчиева Ділдә номинациясы бойынша – Аяулым Ерназарова Жаһан-бегім ханым номинациясы бойынша – Дамиля Жавгашева Зере номинациясы бойынша – Қаракөз Айткен марапатталса, үшінші орын иегері Қарлығаш Қуандық атанды. Екінші орынды Гүлдана Қуандықова ешшіледі . Ал бірінші орынды Арайлым Темірбаева алды. Бас жүлде Назерке Алтынбекке бұйырды. «Өнерлі қызбен - ел мақтанар»,-дейді дана халқымыз. Қаламыздың көркіндей болған ару қыздарымыз бүгінгі біздің-өмір, ертегі біздің- тарих боп қала бермек. – Салеметсіз бе, «Қосшы аруы-2023» байқауында жеңіске жеттіңіз, құтты болсын! Жүрегіңізді қуаныш тербеп тұрған шығар, жеңемін деген іштей дайындық болды ма? – Салеметсіз бе, Рақмет көп-көп! Иә, жақындарыммен әріптестерімнің сенімін ақтауға барымша тырыстым. Басты мақсатым мектеп ұжымының маған артқан үміттерін абыроймен алып шығу еді. Қуанышқа орай еңбегім еш кетпей, өнерім мен тыңғылықты дайындықтың арқасында “Қосшы аруы” атандым. Иә, іштей жеңуге деген дайындық та, сенім де болды. Қарсыластарым шетінен сұлу , әрі өнерлі болса да, бас жүлдеге деген үмітім үзілген емес. Осындайда “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап!”,- деп Абай атамыз бекер айтпағаны еске түседі. – Қай жылдан бері Қосшы қаласында тұрасыз, өзіңіз жайлы айта кетсеңіз? – Қосшы қаласында тұрғаныма 6 жылдан астам уақыт болды. 2 Қосшы орта мектебін бітіргенмін. Кейіннен Қарағанды университетіне грантка түсіп, сол жақта білім алдым. Ал бүгінгі таңда қалама қайта оралып, оқу практикасын IT мектеп-лицейінде өтеудемін. Алда осында жұмыс істеу ойда бар. – Қандай мамандықта оқисыз, қызығымен қиындығы жайлы не дейсіз? – Мамандығым қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Әрине, оқудың оңайы жоқ қой, бірақ мамандығым өз бетінше қызықты дер едім. – Оқу орыныңыз да белсендісіз бе, қоғамдық жұмысқа икеміңіз қандай? – Әрине, оқу орнымда ғана емес, бала кезімнен өнерге жақын өскенмін. Сахнаға деген махаббатым мектепте басталған. Кейіннен өнерімді дамытып, универ қабырғасында да белсенділік танытумен болдым. Бұдан бөлек қоғамдық жұмыстарды атқарамын, яғни концерт жүргізушісі болып жұмыс істеймін. – Сұлулық әлемді құтқарады,-дейді. Сізге сұлулық анадан тарады ма, әлде? – Менің ойымша сұлулық тек сырт келбетпен өлшенбейді. Жаны сұлудың, тәні сұлу деп бекер айтылмағаны сияқты анам мен әкемді де сол сұлу жандардың қатарына жатқызар едім. Ал анамның берген тәрбиесі мен өнегесі бойыма берілген басты әдемілік деп білемін. – Жалпы отбасыңыз өнерге жақын ба? – Иә жақын деп айта аламын. Әкем сурет салғанды ұнатады, ал анам ақындыққа жақын. – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Анаңызға,әйел затына деген ақжарма тілегіңіз болса? – Рахмет. Иә, жарық дүние сыйлаған анашымды көктеммен бірге келген мейрамымен құттықтаймын! Мен қандай жетістікке жетсем де, жанымда болып, қолдағаны үшін алғыс айтамын және әр белесімнің тек жанашыр анамның арқасында екенін айтқым келеді. Сонымен қатар барша қыздар қауымын шуағы мол, жылуы көп, сұлулығы ғажап мерекесімен құттықтағым келеді!Бастарыңыздан бақ кетпесін, жүректеріңіз иманға, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын деймін ! Мереке құтты болсын! – Сұхбаттасқаныңызға, рақмет!

Сұхбаттасқан: Әшімхан АБЫЛАЙХАН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *