Қосшы қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қосшы жаңалықтары
view 100
news

Отырыстың күнтәртібінде:
1. Қосшы қаласы бойынша қалаішілік №1 автобус бағытына келісім беру туралы;
2. Қосшы қаласындағы ауданы 230 га тұрғын үй алабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына келісім беру туралы;
3. Қоғамдық кеңестің төрайымы С.Матайбаева 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдау.
Бірінші мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері автобустың қатынайтын сызба нұсқасымен танысты. Қала ішінде қатынайтын автобустың жолының ұзақтығы 20 км, бір айналымды 50 минут ішінде жүріп өтеді, жолақысы 90 теңге.
Қоғамдық кеңес мүшелері бұл автобустың әлеуметтік маңызы бар орындарда, әсіресе мектептің маңында аялдамалардың болуы міндетті екенін айтты. Қорытындылай келе, қоғамдық кеңес мүшелері халыққа ыңғайлы болатын сызбанұсқасын дайындап ұсынады. Кейін бұл нұсқаны қоғамдық кеңес отырысында талқыланып, бекітілетін болады.
Еске сала кету керек, қалаішілік қоғамдық көлік алдағы 2 ай көлемінде тест режимінде жұмыс жасайды. Әкімдік өкілінің айтуынша күніне автобусқа тек 3-5 адам ғана мінеді. Бұған себеп тұрғындардың ақпараттандырылмауы деп отыр кеңес мүшелері.
Екінші мәселе бойынша «Dalrus» ЖШС 230 га тұрғын үй алабының жоспарлау жобасы бойынша бұған дейін де бірнеше рет тыңдау өткен болатын. Кеңес мүшелері мектептің, балабақшаның жетіспеушілігі, коммуникация мәселелерін, тұрақтардың жетіспеушілігін, тұрғын-үйлердің қабат сандарын азайтуды ұсынған болатын.
Айтылған ұсыныстарды ескере отырып, «Dalrus» ЖШС өкілдері жоспардағы 3 мектепке қосымша тағы да бірі мектепке орын тағайындады. Жоспарланған 2 балабақшаның оранына 3 балабақша болады. Коммуникациялардың сызбанұсқасын ұсынды, тұрақтардың санын көбейтіп, қосымша жолдарды да қарастырған болатын.
Үшінші мәселе бойынша, Қоғамдық кеңестің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы Қоғамдық кеңес төрайымы хабарлама жасады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *