Қосшы қаласының жаңадан сайланған мәслихат депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды.
2023 жылдың 30 наурызы күні Қосшы қаласының сегізінші шақырылған мәслихат депутаттарының бірінші ұйымдастырушылық сессиясы өткен болатын. Жиынға Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов қатысып, депутаттардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р. Түлкібаев, жаңа сайланған мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Қосшы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рақым Түлкібаевтың мәслихат сайлауының қорытындысы жайлы баяндамасынан кейін, жаңадан сайланған депутаттарға мандаттық куәліктері мен төсбелгілері салтанатты жағдайда тапсырылды.
Депутаттардың дауыс беруімен қала мәслихатының төрағасы болып бірауыздан
Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлы сайланды. Сондай-ақ алғашқы сессияның отырысында жұмыс істейтін тұрақты комиссиялар құрылып, олардың төрағалары сайланды.
Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы тағайындалса, комиссиясының құрамына:
Айтжанов Руслан Қасымұлы;
Ибраев Шоқан Саматұлы;
Қасенов Нұрдәулет Нұрсейітұлы;
Осипова Ирина Серикпаевна;
Райханова Динара Қуанышқызы сайланды.
Келесі кезекте Қосшы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқықтық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының төраймы болып Бекбаева Ақмарал
Бақытжанқызы тағайындалса, комиссиясының құрамына:
Әбдірахманов Болат Үкібайұлы;
Данабекұлы Ақылбек;
Сахария Баянды;
Ташенов Мақсат Еркінұлы сайланды.
Пікірлер (0)