Қосшы қаласында аурухана саламыз деген жоспар бар
Редакция таңдауы
294
Биыл Ақмола облысында 38 амбулаториялық емхана салынады.
Соның 14-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Медициналық мекемелерді тұрғызуға республикалық және облыстық қазынадан 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл қаражат аудандарда тозығы жеткен ауруханалардың орнына жаңасын салуға жұмсалады.
Біржан сал ауданындағы бұл аурухананың іргетасы 1928 жылы қаланған. Бір ғасырға жуық қызмет көрсеткен медициналық мекеменің бүгінде жағдайы сын көтермейді. Қондырғылары да әбден ескірген. Сол себепті жергілікті тұрғындар көрші қаланың ауруханасына жүгінуге мәжбүр.
Серік Омаров, аудан тұрғыны:
- Біздің ауданда узкий специалисттегі врачтар жетіспейді. Біз кішкентай ғана жүректің узиін түсіру үшін көрші қала Щучинскіге барамыз. Ол қашанда болмаған нәрсе. Қазіргі заманда барлығы өз орнында болу керек. Біз зейнеткерлер жаяулап-жалпылап сонда барып көрінуге тура келеді.
Бұқара базынасы жақын арада шешіледі, дейді сала мамандары. Өйткені аудан орталығында 45 орынға шақталған жаңа аурухана салынып жатыр. Сондай-ақ 200 адамды қабылдайтын емхана осы ғимараттан орын теппек. Аудандық емдеу мекемесі келесі жылы пайдалануға беріледі. Құны 6 млрд теңге болатын нысан қажетті қондырғылармен де жабдықталады.
Қайрат Тастамбеков, аудандық аурухананың бас дәрігері:
- Ең басты бізге керекті соңғы заманауи үлгідегі рентген апараты, флюра апараты, кейін әйел адамдарды тексеретін маммограф құралдары қажет. Осы жабдықтардын барлығы сметаның ішінде қарастырылған. Ол әрине біздің жылдам және тезірек жұмыс жасауымызға септігін тигізеді. Медицинада әр сағат уақыт санаулы ғой. Сондықтан бұл біз үшін өте тиімді болады.
Алайда мұнымен емхана тапшылығы түбегейлі шешілмейді. Бүгінде аймақтағы үш ауылда медициналық пункт жоқ. Сондай Қосшы қаласы мен Целиноград ауданының орталығында да емдеу мекемесі жетіспейді.
Нұрлан Ақылбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Қажеттілік әлі бар. Мәселен, Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында аудандық емхана ғана бар. Енді сонда аурухана салу көзделген. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, Қосшы қаласында аурухана саламыз деген жоспар бар. Бүгінде жаңа нысанға жер телімі қарастырылуда.
Бұдан бөлек, биыл өңірдегі 9 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстарына бір миллиардтан астам қаржы бөлінген. Десе де, аймақтағы тағы 52 нысан жөндеуді қажет етіп тұр. Ол үшін уақыт пен қаржы керек,-дейді жауаптылар.
Тілеубек БАТЫС
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)