Қосшы қаласында халықаралық шахмат күні аталып өтті

Қосшы жаңалықтары
view 60
news

21 шілле күні Қосшы қаласында халықаралық шахмат күні аталып өтті. «Жаңа белес» балаларды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ход конем» шахмат үйірмесінің 20 шілде Халықаралық шахмат күніне орай ауқымды турнир өтті. Турнирге 5-8, 9-12, 13-17 жас аралығында 135-тен астам жасөспірімдер қатысты. Тартысты жарыста жүлделі орындарға келесі оқушылар жеңіске жетті: 5-8 жас 1 орын Ахайдар Әлинұр 2 орын Есмұхамбет Ерасыл 3 орын Багдатов Айсұлтан 9-12 жас 1 орын Ғұбайдолла Сүлеймен 2 орын Жұмашәріп Ақшолпан 3 орын Жакен Ералы 13-17 жас 1 орын Молдабеков Арлан 2 орын Темірбеков Жасулан 3 орын Тасмагамбетов Тамир Барлық жеңімпазға ақшалай сыйақы, диплом мен есімдері жазылған медаль марапатталды. Сонымен қатар турнирдің салатанатты марапаттау кешінде жыл бойы жетістікке жеткен, 3-2-1 санатын орындаған үздік оқушылар марапатталды. Арнайы жасалған логотиппен футболкалар, диплом , есімдері жазылған медальдар табысталды. Турнирге ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" бас директоры Садыков Сағдат Қабірұлы, Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы, Қосшы қаласы білім бөлімінің басшысы Ахметов Қанат Есенбекұлы, Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Данабекұлы және IT мектеп лицейінің директоры Нұркен Нұржанұлы қатысып, құттықтады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *