Қосшы қаласында көпбалалы аналар марапатталды

Редакция таңдауы
view 189
news

Еліміздің әр аймағынан көшіп келіп, Қосшы қаласының тұрғыны атанып жатқан халықтың саны қарқындап өсуде. Осыған орай, көпбалалы аналардың да қатары артты. 23 мамыр күні қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов Қосшы қаласындағы бір топ аналарды күміс алқамен марапаттап, ел демографиясына қосып жатқан үлестері үшін алғыс білдірді. «Қоғамда ана рөлі зор маңызға ие. Өскелең ұрпақтың ұлт болашағына қалтқысыз қызмет етуіне бүгінгі аналардың сіңіріп жатқан еңбегі орасан зор. Сондықтан дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деді қала әкімі құттықтау сөзінде. Елімізде қабылданып жатқан түрлі бағдарламалар арқылы көпбалалы аналардың жағдайлары біршама жақсарып та қалғаны жасырын емес. Кез келген адамның әдептілігі мен жандүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер де алдымен анадан тарайды. Сондықтан аналарды, әсіресе көпбалалы аналарға билік тарапынан берілетін жәрдемақыны қадағалау, оларға көмектесу, бағалау – қоғамдағы әрбір азамат үшін үлкен құрмет. Бұл игі шараның қаламызда орын алып жатқаны да қуантарлық жайт.  

janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *