Қосшы қаласында құқық бұзушылықты тергеудің жаңа стандарты енгізілді

Редакция таңдауы
view 272
news

Полиция қызметін цифрландыру және қағазбастылықтан арылту жұмысы аясында өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысы Қосшы қаласының полиция бөлімінің базасында “Полиция тергеуі” пилоттық жобасы іске қосылды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. Белгілі болғандай, өзгерістер 20 мамырдан бастап күшіне енеді. Polisia.kz тің хабарлауынша, биылғы жылдың 20 ақпанынан бастап дәл бұл жоба елорданың “Сарыарқа” ауданының ПБ-да жүзеге асырылып жатыр. Айта кететін тағы бір жайт, бұл шағын және орташа ауырлықтағы теріс қылықтар бойынша айқын қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің мүлдем жаңа және перспективалы стандарты, онда бірыңғай есебі үшін барлық тергеу әрекеттерінде бейнетіркеу жүргізіледі. Ол азаматтар үшін тергеудің жеделдігін қамтамасыз етеді. Теріс пайдалану мен құқықтарды бұзу тәуекелдерін азайтады, дәлелдемелерді бұрмалаудан қорғайды, тергеудің объективтілігі мен сапасын арттырады, - деп атап өтті министрлік өкілі. Қызметкерлердің өздері үшін бұл формат ыңғайлы, өйткені ол тергеу әрекеттері хаттамасын жүргізбей, уақыт үнемдейді. Аталған бастаманың негізі 17 наурызда Мемлекет басшысы қатысуымен қол қойылған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң шеңберінде тергеушінің қалауы бойынша қысқаша хаттама жасауды көздейтін заңнамалық түзету арқылы іске асырылды. Жаңадан енгізілген бұл формат жұмыста қолдануға әсіресе қызметкерлер үшін өте ыңғайлы. Өйткені ол тергеу әрекеттерін хаттамалауды қажет етпейді және тергеу уақытын біршама үнемдейді. Хаттамада полицейге техникалық құралдарды қолдану, өткізу уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ деректердің қысқаша мазмұнын көрсету жеткілікті болады. Бұл полиция тергеуінің бейнеформатына ауысуға мүмкіндік береді. Онда қылмыс орнына бірінші келген кез келген қызметкер есеп жасай алады. Қысқаша хаттаманы енгізу тергеу әрекетін жүргізу уақытын 5 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Бейнежазба қылмыстық іске қоса тіркеледі және егер техникалық мүмкіндік болса, цифрлық жеткізгіштерде сақталады немесе сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне жүктеледі. Бұл өзгерістер 20 мамырдан бастап күшіне енеді, - деді Шұғыла Тұрлыбек. Айта кету керек, бұл ұсақ және ауырлығы орташа теріс қылықтар бойынша айқын қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің жаңа стандарты, мұнда бірыңғай есеп үшін барлық тергеу әрекеттеріне бейнетіркеу жүргізіледі. Қысқаша хаттаманы енгізу ІІМ бастамасы болып табылады. Бұл бірегей норма, яғни істің мән-жайына, техникалық мүмкіндіктерге байланысты қысқаша хаттама немесе қарапайым хаттама жасау туралы шешім қабылданады. Құқық бұзушылықты тергеудің жаңа стандарты Қосшы қаласында орын алып жатқаны әрине қуантарлық жайт. Бұл қызметкерлер үшін де, уақытты үнемдеу жағынан да пайдалы. Алдағы уақытта қалалық полиция бөлімі бұл жүйені тиімді пайдаланып, елеулі жұмыстар атқарады деген үміттеміз.  

Тілеубек БАТЫС

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *