Қосшы қаласында Роза Бағлановаға көше атауы берілді
Қосшы жаңалықтары
149
Қосшы қаласынан ән әлемінің саңылағы Роза Бағлановаға көше атуы берілді.
КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы өңірінде туған.
1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастады. Ол сол ансамбль қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.
1947-1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949-1960 жылдары – Қазақ филармониясының, 1960 жылдан бері – Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға зор үлес қосқан.
1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен марапатталған.
Роза Бағланова 2011 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында 89 жасында дүниеден өтті.
2022 жылы 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)