Нотариаттық іс-қағаздарды Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізу
Қосшы жаңалықтары
172
Қосшы қаласы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері Қосшы қаласының нотариустарымен Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 5-бабына сәйкес нотариаттық істі, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізу туралы әдістемелік көмек көрсетілді.
Тілдік дискриминацияға жол бермеу және азаматтарға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында, нотариустармен нотариаттық іс-әрекеттерді жасау кезінде құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу және ұсыну бойынша қаламызда нотариустар арасында жұмысты күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Қосшы қаласында 7 нотариус қызмет көрсетеді, барлығы да мемлекеттік және орыс тілінде қызмет көрсете алады.
Іс-қағаздарын жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетілетіндігі және Қосшы қаласы Тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқыту курстары туралы ақпарат берілді. Курс барысында іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу тақырында сабақтар өтетін болады.
Барлық құжаттар тұрғындардың сұранысына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде ресімделеді. Құжаттардың екі тілде де дайын үлгілері бар. 2023 жылдың қаңтар-маусым аралығында нотариустар тарапынан мемлекеттік тілде ресімделген құжаттар (сенімхаттар, тұрғын үй-жайды жалдау шарттары, кепілақы туралы келісім, жер учаскесін сатып алу-сату келісім шарты, сыйға тарту келісім шарты, кепілақы туралы келісім, келісім жер, пәтер сатуға, арыз, заңды некеде тіркелмегендігі туралы арыздар және т.б.) құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілген.
Құжаттардың мемлекеттік тілде ресімделуін талап ететін тұтынушылардың басым бөлігі шетелден келген қандастарымыз.
Бөлім тарапынан алдағы уақытта нотариустармен тұрақты түрде ақпараттық-әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
Тілдің дамуы, өмір сүруі үшін ең басты шарт – сол тілде сөйлейтін адамдардың болуы. Сондықтан, тілдік ахуалды реттеуде халық арасында насихат жұмыстарын жасап, мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге атсалысуымыз қажет. Әсіресе халықтың жиі баратын, яғни кез-келген мәмілені жасау үшін баратын орны – нотариустар. Нотариуста қызметтер орыс тілінде ұсынылып, барлық құжаттар көбіне орыс тілінде толтырылады. Себебі тұтынушылар талап етпейді, көбіне мән бермей нотариус ұсынған тілде құжаттарын қабылдауға үйренген.
Сондықтан, Құрметті тұтынушылар! Қазақ тілінде сөйлейтін тілдік ортаны қалыптастыру – елдік, қоғамдық іс болғандықтан баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосайық.
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)