Жол жөндеу жұмыстары тексерілді

Қосшы жаңалықтары
view 90
news

20 шілде күні Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков және мәслихат депутаттары қаламызда, сондай-ақ Тайтөбе ауылында бірқатар жолдардағы жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын тексеріп қайтты. Депутаттық корпус Ж.Жабаев көшесінде, осы көшенің жаңа мектеп аумағындағы бөлігінде, А.Байтұрсынов, Ж.Қалиев көшелерінде болып мердігер «АБК Автодор-НС» ЖШС өкілдерімен, техникалық бақылау қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесулерге әкімшіліктің Жолдар бөлімінің басшысы Ә. Тойынбеков те қатысты. Депутаттар салынып жатқан жолдардың сапасы, жаяу жүргіншілер жолын салудың жайы туралы тұрғындар тарапынан қойылып жатқан сауалдар бойынша жауапты мекеме өкілдеріне сұрақтарын қойып, жауап алды. Әлеуметтік желілердегі тұрғындардың сауалына орай Ж. Қалиев көшесінде болған депутаттар көшені асфальттау және абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселені көтеріп, мердігерлерге жұмысты сапалы түрде орындауды тапсырды (бұл көшедегі жұмыстар туралы арнайы депутаттық сауал да жолданған). Жұртшылық тарапынан туындап жатқан сұрақтар бойынша С.Сейфуллин көшесін асфальттау туралы сұраққа Жолдар бөлімінің басшысы Ә. Тойынбеков бұл көше жоспарға енгізілгенін, қаржы уақытында бөлінсе 2024 жылы жұмыстар басталатынын атап өтті. Сонымен қатар Тайтөбе ауылындағы Ш.Жиенқұлова, С.Көпеев, Біржан сал, Байғанин, №27, С.Торайғыров, Ғ.Мүсірепов көшелеріндегі болған жұмыс тобы жолдарды салып жатқан мердігер «АИС инжиниринг» ЖШС өкілдерімен кездесіп, қарқынды түрде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстары жайлы мағұлмат алды. Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылы бойынша жүріп жатқан жолдарды жөндеу, асфальттау жұмыстары қала мәслихаты депутаттарының бақылауында болады. Мәслихат төрағасы Ә. Жұмаханұлының бастамасымен мәслихат депутаттары арасында жол мәселесі бойынша тексеру тобы (Н.Қасенов, М.Тәшенов) құрылған болатын. Олар әкімшілік өкілдерімен және мердігер компаниялармен қала жолдарының сапалы болуы үшін бірлесе отырып бақылау жұмысын жүргізетін болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *