Қосшы қаласының әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҚОСШЫЛЫҚТАР!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Еліміз алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қала мәртебесіне ие болған Қосшының тұрақты дамуына және болашағының кемел болуы жолындағы жасалып жатқан жұмыстарға қосшылық азаматтардың қосқан елеулі үлесі зор.
Сіздерге зор-денсаулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Құрметпен Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов
Пікірлер (0)