Қосшыда 40 жастағы ер адам 9 жасар баланы аяусыз соқыға жықты
Қосшы жаңалықтары
143
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен ұлдың анасы полицияға 40 жастағы ер адамға қатысты шара қолдану туралы арызданғанын хабарлады.
Қосшы қаласының 40 жастағы тұрғыны ұлына жақтасамын деп тоғыз жасар баланы соққыға жыққан. Оқиға 30 мамыр күні кешкі сағат 5-тер шамасында Қосшы қаласындағы 17 үйдің ойын алаңында болған. Осыған байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Куәгерлердің айтуынша, балалар алаңында екі ұл бала жанжалдасып қалған. Олардың бірі әкесіне шағымданған. Ер адам балаға жұдырық ала жүгірген, тіпті басын асфальтке ұрған.
Бұл факті бойынша баланың денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
30 мамыр күні Қосшы қаласының полиция бөліміне Ю.Манукян есімді тұрғын М.Ақсабаев деген азаматтың үстінен (баланы ұрып-соққан азамат) шағымданған. Шағымда айтылғандай, 2012 жылы туған балаға дене жарақатын салған. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы 8-тармақшасы "Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз


Қосшы жаңалықтары
Қосшыда халықаралық деңгейдегі алғашқы комьюнити-орталық ашылды

Қосшы жаңалықтары
Қосшыда көктемгі су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді
Пікірлер (0)