Қосшыдағы мектептердің тамақтану құны 750 теңге
Қосшы жаңалықтары
214
Бала денсаулығының негізгі көрсеткіші – дұрыс тамақтану. Осы орайда Қосшы қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептердегі асханалар тексерілді. Тексеріс барысында оқушылардың сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ асханалар тазалығының талапқа сай болуына ерекше мән берілді.
Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өрескел кемшіліктер, заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Ыстық тамақ қаланың барлық мектептерінде ұйымдастырылған. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жеткізушілер жеке кәсіпкер болып
табылады.
Бюджет есебінен 4 мыңнан астам бастауыш оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылған. Бүгінде тамақтану құны 750 теңгені құрайды.

Қосшыда тегін тамақпен 5 016 оқушы, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 121 оқушыға тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Оқи отырыңыз

Қосшы жаңалықтары
Қосшыда 1500 орындық мектептің іргетасына капсула салынды

Қосшы жаңалықтары
Қосшы – «Отбасы банк» пилоттық жобасының алғашқы плацдармы

Қосшы жаңалықтары
Ұлтаралық қарым-қатынастағы басты құндылық – сыйластық
Пікірлер (0)