Әлихан Жұмаханұлы: Қаламыздың инфрақұрылым мәселесінде оң өзгерістер бар
Қосшы жаңалықтары
267
Бүгін Қосшы қаласының қала атанғанына 2 жыл толды. Соған орай Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлының тілек сөзін ұсынамыз:
«Баршаңызға қала күні құтты болсын! Жас шаһарымыз Қосшыға қала статусын бергелі 2 жыл толып отыр. Тарихтың өлшемімен алып қарасақ санаулы ғана сәт болғанымен біз осы уақытта қосшылықтардың жайлы өмірі мен баянды тіршілігі үшін көптеген шаруалардың оң шешілуі жолында қызмет атқардық. Қаламыздың инфрақұрылым мәселесінде оң өзгерістер бар. Алдағы уақытта атқарылатын біршама істердің жоспары жасалды. Әлеуметтік нысандар ашылып, халыққа қолжетімді болып жатыр. Атқарылуы тиісті шаруа әлі де көп. Дегенмен, барлық жұмыстарда біз — өз қаласын сүйетін, Қосшымен өмірін тағыз байланыстыратын жандармен бірлесе отырып нәтижеге жетеміз.
Бірлік бар жерде — тірлік бар. Ынтымағы жарасқан ел озады. Бейбіт күніміздің астында берекелі ғұмыр кеше берейік. Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтай отырып барлық жанұяға бақ, береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық, жасампаз істеріңізге жақсылық тілеймін. Жас қаламыз жасай берсін!»
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласында жаңа туған нәрестенің денесі жол жиегінде табылды
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда ұлттық рухты ұлықтаған ауқымды іс-шара өтті
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда жас жұбайлар референдумда дауыс берді
Пікірлер (0)