КТК-ға жасалған дрондар шабуылы: ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 277
news

Фото ашық дереккөзден

ҚР Энергетика министрлігі Каспий Трубопроводтық Консорциумында (КТК) болған жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Министрлік қазіргі таңда КТК тарапынан Қазақстан мұнайына қатысты ешқандай шектеулер жоқ екенін және мұнай қабылдау жоспарға сәйкес жүргізілетінін атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

"Қазіргі уақытта КТК тарапынан Қазақстан мұнайына қатысты шектеулер жоқ, қабылдау жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. КТК мәліметтеріне сәйкес, Теңіз – Новороссийск магистралды мұнай құбыры 2025 жылдың 17 ақпанында Мәскеу уақытымен 02:50-де транзиттік режимде іске қосылды, НПС "Кропоткинская" қатысусыз", - делінген Энергетика министрлігінің мәлімдемесінде.

2025 жылдың 17 ақпанына қараған түні, Краснодар өлкесінің Кавказ ауданында орналасқан "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына жеті дронмен шабуыл жасалды. Осы оқиғадан кейін станция жедел түрде тоқтатылып, мұнай тасымалы Теңіз – Новороссийск бағыты бойынша авариялық схема арқылы жүзеге асырылуда. Шабуыл салдарынан объектіге елеулі зақым келгені туралы хабарланды: шатыр қирап, жабық таратушы құрылғы, газ турбинасы қондырғысы (ГТҚ) мен кабельдер зақымданды, сондай-ақ резервуарлар мен трансформаторлар жойылды.

Ресейдің "Транснефть" компаниясының мәліметінше, шабуылдың салдарын жою жұмыстары екі айға дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдай Қазақстан мұнайының айдау көлемін шамамен 30%-ға төмендетуі ықтимал.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *