Күдіктінің бірі экс-полицей: Щучинск қаласында 56 жастағы екі еркек 12 жастағы қызды зорлап келген
Фото: massaget.kz
Ақмола облысында елуден асқан екі еркек 12 жастағы жасөспірім қызды зорлап келген. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz-ке сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде күдіктілердің бірі бұрынғы полиция қызметкері болғаны туралы ақпарат тарады.

Қыздардың анасы жұмыс істеу үшін ауылдан қалаға көшіп кеткен. Бір бөлмелі пәтерді жалға алған. Қыздары ауылда қалған. Демалыста үнемі анасына келіп тұрған. Пәтер иесі — 1967 жылы туған күдікті ер адам, бұрынғы полиция қызметкері. Ол 12 жастағы жасөспіріммен сөйлесіп, оның сеніміне кірген. Ол қызды алдап орманға алып барып, сонда зорлаған. Онымен қоймай, қызды “бұл туралы біреуге айтсаң бүкіл қала білетінін және бұл әрекетін үлкен әпкесінежасайтынын” айтып қорқытқан. 2024 жылдың жазында ол қызды балмұздақ сатып жүрген жерінен базарда көріп қалған. Ер адам әңгіме бастап, кейін оның телефон нөмірін сұрап алған. Кейінірек оған ақша беріп, бірреттік электронды темекелер (вейптер) сатып әперіп жүрген. Күдікті қызды бірнеше рет зорлаған. Кейін бұл туралы 1968 жылғы көршісіне де айтып, қызды “пайдалануға” болатын жеткізген. Екінші ер адам да қызды зорлаған. Қыздың әпкесі жасөспірімге ересек ер адамның ашық хаттар жазып жүргенін кездейсоқ көріп қалған. Осылайша, бәрі әшкере болды, – деп жазды “Не молчи” қоры.
Болған жағдайдан кейін қыз тұйықталып, психологқа өзін “лас” әрі кінәлі сезінетінін айтып берген. Сондай-ақ ол полицияда бір нәрсені қайта-қайта — күніне 15–20 рет айтып шаршаған.
Онымен қоймай, күдіктілер істі тоқтату үшін қыздың отбасына ақша ұсынған.
Сонымен қатар “Не молчи” қоры бір күдіктіге қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын айтып, дабыл қақты.

Ал екінші күдікті бойынша іс алғашында қылмыстық кодекстің122-бабы (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қозғалған еді. Алайда кейін тергеу іс-әрекеттері қайта сараланып, бап 121-1-бапқа (16 жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстық қудалау) өзгертілген. Бұл бап бойынша жаза: түзеу жұмыстары, айыппұл немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түрінде көзделген. Іс 2025 жылдың наурыз айында Бурабай ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Алайда осы кезден бастап қылмыстық іс тоқтатылған. Ал екінші күдіктіге қатысты іс қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылып отыр, – делінген жазбада.
Жәбірленуші қыздың ата-анасы мен олардың адвокаты 2025 жылдың шілде айында Ақмола облысының прокурорымен кездесіп, ол істі міндетті түрде сотқа жеткізуге уәде берген. Бірақ заң өкілінің айтуынша, Ақмола облысының полициясы бұл істі сотқа жібермей, тергеуді созып, өз әрекетімен не әрекетсіздігімен кінәлілерді жауапкершіліктен құтқаруға тырысып жатыр.
Бұл іске қатысты Ақмола облысы Полиция департаменті пікір білдіріп, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Щучинск қаласының тұрғыны 15 жастағы қызының зорланғанын айтып, шағымданды. Кейін Бурабай ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастап, қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілді. Қазір бұл істің тергеуі Ақмола облысы полициясының Тергеу басқармасының өндірісіне берілді. Қосымша тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында Бурабай ауданы полиция бөлімінің бұрын қабылдаған процессуалдық шешімдерінің объективтілігі тексеріледі, – деп мәлімдеді полиция.
Алайда ведомство қылмыстық іс бойынша күдіктілердің құқық қорғау органдарына қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Тергеу облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр. Қорытынды процессуалдық шешімдер прокуратурамен келісілгеннен кейін қабылданады. Полиция департаменті жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады және мұндай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)