Күні кеше министрдің штаттан тыс кеңесшісі болған Ауыт Мұқибек қызметінен босап қалды
Фото: видеодан скрин
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қазақстанда қытайлар қаптап кетті»: Ауыт Мұқибек дабыл қақты (ВИДЕО)
Жалпы мен мәнсапқұмар адам емеспін!
Менің ұғымымдағы мәнсап, лауазым, билік дегендер – Ұлтқа, Мемлекетке қызмет ету үшін ғана керек мүмкіндік!
Атажұртқа оралған отыз жылға жуық өмірімдегі жеткен ең биік мәнсабым - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі еді.
Сол штаттан тыс кеңесшілікке 10 қарашада тағайындалып, 02 желтоқсан күні, әдеттегідей «өз еріммен» өтініш жазып, босатылдым.
Вице-министр Асқарбек Ертаев мені өзіне шақырып, «Аға, мен Сіздің жазғандарыңызды оқыған да, берген сұхбатыңызды тыңдаған да жоқпын, қай депутатқа тісіп едіңіз?» деп күлді. Сосын Светлана Қабыкенқызының сәлемін айтып, мән-жайды түсіндіріп, жылы шыраймен, ыстық ықыласпен шығарып салды, - деп жазды ол.

Ақынның сөзінше, қызметінен босатылуына YouTube арналардың біріне берген сұхбаты себеп болуы мүмкін.

Менің аталған қызметтен кетуіме Жамбыл Зейнолла бауырым жүргізетін Qasqa Jol каналына берген сұхбатым мен Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Аида Балаева ханымға арнап жазған әлеуметтік желідегі құттықтауым басты себеп болғаны сөзсіз!
Ол сұхбатта бір-екі депутат ағамның аты аталған.
Ал құттықтауда Аида Ғалымқызының 2022 жылдан бері Ұлы көшке жасаған кедергісі баяндалған…
Басын ашып айтайын, дәл осы мәселеге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ханымға және оның орынбасары Асқарбек Ертаев мырзаға да ешқандай ренішім де, өкпем де жоқ!
Есесіне, екеуіне де рахмет айтам! - деп жазды Ауыт Мұқибек.
Пікірлер (0)