Маңғыстау облысының әкімі некесіз ұлына алимент төлейтін болды.

Жаңалықтар
view 25
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған баланың әкесі деп танылып, алимент төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі KYN.KZ ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде бұрынғы облыстық мәслихат депутаты Ынташ Наурызова, әкімнен ұл туғанын, бірақ оның әкелік міндетін мойындамағанын жариялаған болатын.

Облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай ресми түрде Ынташ Наурызованың ұлының әкесі болып танылды.

Әйелдің айтуынша, Қилыбаймен араларында романтикалық қарым-қатынас болған. Бірақ бала дүниеге келгеннен кейін шенеунік одан бас тартқан. Облыс әкімі баланың өзіне қатысы жоқ екенін айтқан болатын.

Бүгін сот облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбайды ресми түрде баланың әкесі деп танып, оған бала кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы жалақысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндеттеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *