«Қара жорғаны іш киіммен билеген»: тойдағы ерсі қылыққа ел ашулы (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 142
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыда (орны нақты аталмаған) мейрамханада түсірілген видео желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда бірнеше ер адам ішкиіммен сахна ортасында «қара жорғаны» билеп жүр. Оқиға тойда өткен конкурстардың бірінде болғаны байқалады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Көрініс көпшіліктің ашуын туғызды. Пікір қалдырушылар «осыны тоқтататын бір ақылдау адам табылмады ма?», «адамдардың “стоп-краны” үзілген», «ұятсыздықтың деңгейі шектен шықты» деп жазып жатыр. Кейбірі мұндай «ойын-сауыққа» асабаларды жауапты санап, «ұлттық биді қорлау» деп бағалаған.

Қоғам белсенділері мұндай роликтер той мәдениетінің қай бағытқа кетіп бара жатқанын көрсететінін айтып, ұйымдастырушыларды да, мейрамхана иелерін де тәртіп пен этиканы қатаң қадағалауға шақырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *