«Мақтанғым келді»: Құранды рэппен оқыған блогер Juzzeffina елден кешірім сұрады

Жаңалықтар
view 173
news

Фото скриншот

Блогер Juzzeffina (Жұлдыз Жауынбаева) желі қолданушылары ерсі көрген видеосы үшін жұртшылықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЛОГЕР НЕ ДЕЙДІ

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан. Шындығымды естіп кетсеңіздер: біріншіден, алкологольдік сусындар болған жоқ. Бәріміздің есіміз таза. 70 пайыз әйел деп отырған қыз-келіншектердің бәрі оранған. Намаздағы кісілер. Екіншіден, ол жерде конкурс болды. “Өнерлеріңді көрсетіңдер” деген кезде қыздардың бірі рэп оқыды. Екіншілері опера айтты. Намаздағы кісілердің алдында мақтанғым келді. “Мен де Құранды білетін едім” дедім. Сондай ниетпен айтылған. Ол жерде ешқандай рэп, музыка, бит жоқ. Тек халықтың бәрі ушықтырып жібергеніне сасқалақтап қалдым, – дейді блогер.

Ол барша мұсылман халқынан басын иіп кешірім сұрайтынын айтты. “Сіздердің ешқандай бұл жерде кінәларыңыз жоқ, сіздерге жалған ақпарат беріп, миларыңызды улаған” деді. “Мақтанып қалайын” деген ниетім үшін күйіп отырмын дейді ол.

ӘҢГІМЕ НЕДЕН ШЫҚТЫ

Бұған дейін әлеуметтік желіде Juzzeffina лақап атты блогер Жұлдыз Жауынбаева Құран аяттарын рэппен оқимын деп, сол үшін қатаң сынға қалған. Желі қолданушылары оны өткір сынады. Видеода Айшолпан есімді блогердің қолындағы микрофонға таласқан сәтте Жұлдыз оны тартып Құранның бір сүресін рэппен оқиды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *