Марқұм Шерзаттың туыстарын Талғар әкімі “терпилалар” деп атаған видеосы тарады
Сурет: Stan.kz
Алматы облысы Талғар ауданында ажал құшқан 16 жастағы жасөспірімнің қазасы қоғамда резонанс тудыруған еді. Талғардың аудан әкімі Таңат Айдарбеков марқұмның туыстарының алдында көрсеткен әрекеті тіпті көпшіліктің ашу келтірді, деп хабарлайды janabastau.kz Qaz365.kz сілтеме жасап.
«Осыдан екі күн бұрын Шерзаттың туыстары аудандық полиция басқармасына барды. Сол жерде әкесі Қаржаубай Нұрымов бас прокуратураға үндеуін жасады. Осы тұста аудан әкімі Таңат Айдарбеков кабинетінен шығып келеді. Ол марқұмның әкесінің аты-жөнін сұрап, Алматы облысының әкімімен кездесуге апаруға тырысады. Бір емес бірнеше рет «сендер заң бұзып тұрсыңдар» деп айыптайды. Сосын әкімнің телефонына қоңырау түседі. Ол телефонның арғы жағындағыға «қазір-қазір мына терпилалар…» – дейді. Бұл жері Stan.kz түсірген кадрға ілінген.
Пікірлер (0)